Миллион фунт стерлинг ұтқан әйел ең төменгі жалақы алатын жұмысын жалғастыра бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Euromillions лотереясынан миллион фунт стерлинг ұтқан әйел супермаркеттегі кассирлік жұмысын жалғастыра бермек.
Британиядағы Уэст-Мидлендс графтығындағы Вулвергемптон қаласының тұрғыны 50 жастағы Аманда Льюис ұтысын алғаннан кейін ипотекасын төлеген, екі ересек баласына автомобиль, өзі мен күйеуіне жаңа үй, бұған қоса арендаға беру үшін жылжымайтын мүлік сатып алған алған.
Бір қызығы, 15 жылдан бері супермаркетте еңбек етіп келе жатқан Льюис осында одан әрі қарай жұмысын жалғастыра бермек. Ол күніне небәрі 9 фунт стерлинг қана алады. Бұл британдық заң бойынша рұқсат етілген ең төменгі жалақыдан сәл ғана жоғары, деп хабарлайды Daily Mirror.