12:33, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Миллион фунттық банкнот аукционға шығарылады
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондонда қыркүйектің соңына дейін номиналы бір миллион фунт стерлинг (1,6 млн.долларға жуық) банкнот аукционда сатылмақ. The Daily Mirror басылымының жазуына қарағанда, банкноттың иесі, жеке коллекционер одан 50 мың фунт пайда көрмек.

Миллион фунттық купюралар 1948 жылы тамызда «Маршалл жоспары» ауқымында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейіін қаржы инстиуттары арасындағы есеп айырысуғ үшін шығарылған болатын. Бонкеноттар өз құнынын сақтаған мерзім өткен соң алты айдан кейін екеуінен басқасы жойылды.
Нөмірлері 000007 және 000008.болып келетін екі банкнот сақталған деп саналады. Қазір нөмірі жетімен аяқталатын купюра сатылымға шығарылып отыр. 1977 жылы бұл банкнот небәрі сегіз мың фунтқа, ал 1991 жылы - 23 мың фунтқа қайта сатылған еді.
Сегізінші нөмірлі купюра 2008 жылы 78 мың фунтқа сатылған.