Миллион жылдық бас сүйек: Ғалымдар адам эволюциясы туралы түсінікті өзгерте ме

АСТАНА. KAZINFORM — Зерттеушілер Қытайда табылған миллион жылдық адамның бас сүйегі біздің түріміз кем дегенде жарты миллион жыл бұрын дами бастағанын көрсететінін айтады. Бұл туралы BBC жазды.

Миллион жылдық бас сүйек: Ғалымдар адам эволюциясы туралы түсінікті өзгерте ме
Фото: BBC

Алайда ғалымдардың бір тобы мұнымен келіспейді.

— Бұл бізге жақын түр-сипаттармен, оның ішінде неандертальдармен өзіміз ойлағаннан әлдеқайда ұзақ уақыт бірге өмір сүргенімізді көрсетеді, — делінген ақпаратта.

Ғалымдар өздерінің сараптамалық-талдаулары біздің адам эволюциясы туралы түсінігімізді «толығымен өзгертеді», егер дұрыс болса, тарихымыздың алғашқы маңызды тарауын қайта жазады дейді.

Дегенмен, адамның шығу тегі туралы пікірталастар жалғасып жатқан салада жұмыс істейтін басқа сарапшылар жаңа зерттеудің тұжырымдары ақылға қонымды болғанымен, түпкілікті емес деп санайды.

Еске салсақ, Петропавлдағы Заречный кентінде адамның бас сүйектері шашылып жатқаны туралы хабарладық

Соңғы жаңалықтар