Мыңдаған аустралиялық Израиль мен Газа секторында қалып қойды
Аустралия үкіметі Израильде, Газа секторында және Иордан өзенінің батыс жағалауында қалып қойған мыңдаған аустралиялық азаматты қайтаруға күш салуда, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе жұма күні үкіметтің көмегімен үйге оралғысы келетін аймақтағы 1600 аустралиялықты жеткізу үшін төтенше логистикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.
Аустралия үкіметі Тель-Авивтің Бен-Гурион халықаралық әуежайынан елдің флагмандық тасымалдаушысы Qantas басқаратын екі тегін рейс ұйымдастырды, оның біріншісі жұма күні 200-ден астам жолаушымен ұшады, үшінші рейс те жалданылған.
Аустралия премьер-министрі қақтығыс аймағынан кеткісі келетін 1600 аустралиялықтың 19-ы Газа секторында тұратынын мәлімдеді.
Ол үкіметтің Мысыр үкіметімен Аустралияның төрт азаматының отбасын Оңтүстік шекара арқылы Газа секторынан шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.