Мыңдаған мигрант Трамп сайланғанға дейін АҚШ-қа кіруге бағыт алды
АСТАНА. KAZINFORM – Мыңдаған босқын Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бағыт алды. Бұл туралы 24.kz жазды.

Олардың дені – әйелдер мен балалар. Рейтер агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, босқындар көші Мексиканың солтүстік шекарасынан басталған. Полиция мен Ұлттық гвардия олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мигранттар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін шекарадан өтуге ниетті. Жаңа президент таққа отырса, Америкаға өту шектеле ме деп қауіптенеді. Бұған дейін Трамп заңсыз көші-қонға қарсы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді. Бастама іске асса, шамамен 20 млн босқын Америкадан қуылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Дональд Трамп жеңіске жетсе тарихта болмаған ірі депортация операциясын бастауға уәде берген еді.
Кейін тіпті Трамптың жаппай депортациялауы 86 миллиард долларға бағаланған болатын.