Минералды тыңайтқыштарды төрт есе артық шығаруға болады - В. Школьник

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің аграрлық секторын отандық минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету көлемін арттыру қаралуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінде елімізде химиялық өнімдерді 41 кәсіпорын өндіретініне тоқталған министр, оларда фосфорлы қоспалар, фосфорлық тыңайтқыштар, синтетикалық жуғыш қоспалар, күкірт және азот қышқылы, азотты тыңайтқыштар, хром тұздары мен басқа да өнімдер шығарылатынын айтып өтті. «ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2008 жылы химиялық өндірісте өнім шығару көлемі 110,8 миллиард теңгені құрады», деді ол. Қазақстанның химиялық өндірісін дамыту бағытында 2009-2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту жөніндегі қаулының жобасы әзірленгенін жеткізген В. Школьник, аталған құжатта бұл саланы жетілдіруге қатысты тиісті шараларды жүзеге асыру мәселесі ескерілгенін айтты. Осы орайда минералдық тыңайтқыштарды өндіру бойынша жаңа өндірістерді іске қосу жоспарланып отыр. «Мұнымен қоса еліміздің аграрлық секторында отандық кәсіпорындардың минералды тыңайтқыштарын пайдалану көлемін арттыру қаралуда», деді министр. В. Школьниктің айтуынша, былтырғы жылға қарағанда кәсіпорындар минералды тыңайтқыштарды төрт есе артық, яғни 800 мың тонна шығара алады, сондай-ақ барлық өнімді еліміздің аграрлық секторына жұмсауға болады.
Соңғы жаңалықтар