13:17, 30 Маусым 2010 | GMT +5
Минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресте арнайы көрме ашылды
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада өтіп жатқан минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресте арнайы көрме ашылды.

Ұйымдастырушылардың сөздеріне қарағанда, көрмеде түрлі-түсті металдар мен олардың құймалары, металл өндіру ісімен байланысты құралдар және өзге де осы саламен байланысты дүниелер көрініс тапқан. Сондай-ақ ондағы «Геологиялық барлау», «Карьер жасау мен оған қатысты жұмыстар», «Арнайы жұмыс киімдері мен қауіпсіздік», «Қоршаған ортаны қорғау» сияқты секциялардан металургия саласына қатысты қызықты материалдармен танысып, көптеген мәліметтерге қанығуға болады.