Министр Ақтөбедегі жедел штабтың жұмысын тексерді
Министр жедел штабтың жұмысымен танысып, өңірлік ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын зерттеді.
Жедел штаб мамандары ақпаратты жинау және өңдеу, жағдайға мониторинг жүргізу және оны бағалау, су тасқыны қаупі бар учаскелерге күштер мен құралдарды бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Министр жедел штабтың алдына күштер мен құралдарды тұрақты басқаруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, облыстың мүдделі құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және одан әрі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ ТЖ-ны жою жөніндегі жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді қойды.
Төтенше жағдайлар департаментінде Юрий Ильин Дағдарыс жағдайындағы басқарманың жұмысымен де танысты, онда кезекші ағымдағы жедел ахуал бойынша ақпаратты баяндады.
ТЖМ басшысы ағымдағы жағдайға байланысты жедел шаралар қабылдау бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.