09:03, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Министр Б.Сұлтанов Парижде Францияның Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысымен келіссөз жүргізді
ПАРИЖ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Франция Президенті Николя Саркозидің Қазақстанға жасағалы отырған сапарының қарсаңында Парижде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының VIII мәжілісі өтіп жатқанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Осы мәжілістің аясында Қазақстанның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың Францияның Экономика, өнеркәсіп және халықты еңбекпен қамту министрлігінің Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Анн-Мари Идракпен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Келіссөз барысында Франция президентінің сапарына орай әзірлеу жоспарланып отырған үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық мазмұндағы нақты келісімдер талқыланды.