18:41, 09 Қаңтар 2019 | GMT +5
Министр Қасымов Арменияның елшісі Галачянмен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы туралы пікір алмасты», - делінген хабарламада.
Тараптар мүдделі бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылдарды нығайтуға әзір екендіктерін мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог түрінде өтті.