Министр Қасымов қос Владимирмен жабық жиналыс өткізіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Марриот» қонақ үйінде Қазақстан, Ресей мен Беларусьтың төтенше жағдайлар ведомстволарының бірлескен отырысы басталды. Екі әріптес елдің тарапынан төтенше жағдайлар министрлері келді. Ал Қазақстан жағынан ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов тең төрағалық етуде. Себебі төтенше жағдайлар комитеті аталған министрліктің құрамына кіреді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінгі отырыста біз төтенше жағдайларға болжам жасау саласындағы мамандарды даярлау мәселесін, сондай-ақ шекара аймағыдағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен су нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайын қарайтын боламыз. Бұдан бөлек, су тасқынына қарсы өзара тәжірибе алмасу, ғарыштық бақылауды бірлесіп жүргізу мен жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерде өрт сөндіру сияқты мәселелерді күн тәртібіне енгізгеніміз дұрыс болды , - деді Қасымов отырыстың ашылуында.

Министрдің айтуынша, бүгінде аталған бағыттарда құтқарушылар күн сайын сан алуан қиыншылықтарға тап болады. Себебі тәжірибе жетіспейді, мамандардың кәсіби дайындығы да заман талабына сай болмай жатады. Нормативтік актілер мен әдістеменің тапшылығы да кері әсірін тигізеді. Осыған байланысты бүгінгі отырыс аясында барлық мәселелерді кеңінен талқылау жоспарланған.

Айта кетейік, отырысқа РФ азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың салдарын жөніндегі министрі Владимир Пучков пен Беларусьтың төтенше жағдайлар министрі Владимир Ващенко қатысуда. Бірлескен мәжілістің басы xаттама бойынша ашылып, ары қарай жабық күйінде жалғасты.

Соңғы жаңалықтар