Министр Қасымов Шу даласының есірткі алқаптарындағы жұмыстар нәтижесіз екенін мойындайды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Есірткінің шикізат базасы болып табылатын Шу алқабының проблемасын шешу қажеттілігі туындап отыр. Өкінішке орай, бұған дейінгі біздің осы бағыттағы жұмыстарымыздан еш нәтиже шықпады. Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлімдеді.

Министр Қасымов Шу даласының есірткі алқаптарындағы жұмыстар нәтижесіз екенін мойындайды

«Елімізде есірткі бизнесін азайтудың ауқымды шараларын қабылдаумен қатар, бізге шартты түрде тиімді профилактика ұйымдастыру керек. Бұдан бөлек, нашақорларды емдеу және есірткіге қарсы насихат жүргізу бойынша нақты істер қажет», - дейді министр Қ. Қасымов. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, өткен бір жыл ішінде есірткі қылмысы 2,7 пайызға азайғанымен, есірткі контрабандасы екі есеге өскен.