Министр қоршаған ортаны қорғау жоспарын орындамаған әкімдерді заңмен жазалауды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев әкімдерді қоршаған ортаны қорғау жоспарын орындамағаны үшін заңмен жазалауды ұсынды.

Ерлан нысанбаеы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Мәжіліс депутаттарының алдында елдің экологиялық ахуалы туралы баяндаған министр бүгінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық өңірлерде қабылданғанын мәлім етті. Оның ішінде 7 өңірде қаражат талап етілетін деңгейден төмен көлемде қарастырылған көрінеді.

«Сонымен қатар, Астана қаласы, Ақмола, Түркістан, Жетісу облыстары сияқты жекелеген өңірлерде бірнеше есе көп қаражат жоспарланған. Жалпы жоспарларда 521,7 млрд теңгеге іс-шаралар көзделген. Бұл ретте жоспарланған іс-шараларды орындамағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі заң жүзінде бекітілмеген. Осыған байланысты заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады», - деді Ерлан Нысанбаев.

Осыған дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Каспий итбалықтарының қырылуына Қашаған кенішіндегі жобаның қатысы бар ма, деген сауалға пікір білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар