Министр Латвия көлік ведомствосының басшысымен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу басында министр Б.Камалиев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі инновациялық-индустриалдық даму жөнінде мемлекеттік бағдарламаны қабылдап, іске асырып жатқандығын айтты. Бұл бағдарламада көлік саласына ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, елдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында Қазақстан бірқатар ірі жобаларды іске асыруда, оның ішінде, Қорғас - Жетіген және Өзен - Түрікменстан мемлекеттік шекарасы теміржолдарының құрылысы және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мега жобасын іске асыру.
Қазақстан мен Латвия арасындағы екі жақты ынтымақтастық көліктің барлық саласы бойынша жүзеге асырылуда.
Осылайша, азаматтық авиация саласында әуе қатынасын ашу үшін құқықтық негіз бар - сәйкесінше келісімдерге қол қойылды. Қазақстандық тарап осы келісімдерді ратификациялау бойынша ішкі мемлекеттік процедуралар жүргізуде. «Air Baltic» авиакомпаниясы Рига - Алматы маршруты бойынша аптасына 2 рет тұрақты рейстерді орындап тұрды. Алайда, жолаушы ағыны мен экономикалық мүдделіліктің болмауынан қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылмайды.
Сонымен қатар, «Орал ұшу-техникалық азаматтық авиация училищесі» АҚ базасында Рига Көлік және байланыс институтының филиалын ашу жөнінде жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ, «Ақ Жол» халықаралық әуежайы» АҚ Орал қаласында Латвия Көлік және байланыс институтының (одан әрі - «TSI») филиалын ашуды ұсынды. «TSI» еуропалық авиациялық талаптарға сәйкес батыста жасалған әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге жібере отырып, авиатехниктер-механиктерді және авиатехниктер-авиониктерді дайындауды жүзеге асырады.
Тасымалдардың негізгі көлемі темір жол көлігі арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні осы салада оң динамика байқалады.
Осылайша, 2011 жылғы 9 айда жүк тасымалының көлемі 1 млн. 220 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 2 есе артық (675 мың тонна). Мұнай, көмір, қара металл, ХТТ, азық -түлік тауарлары және тұрмыстық техника негізгі жүктер болып табылады.
Қазақстан мен Латвия арасында 8 жыл ішінде «Балтика Транзит» контейнерлік пойызы теміржол қатынасы жүзеге асырылуда. Оны дамыту Батыс - Балтық өңірі - Ресей - Қазақстан - Орталық Азия елдері бағытында тасымалдар көлемін арттыру үшін басым бағытты болып табылады.
Сонымен қатар, министр Б.Камалиев қазіргі таңда халықаралық контейнерлік тасымалдарды дамыту мақсатында Қазақстан литвалық тараппен бірлесіп Клайпеда - Алматы және одан әрі Достық стансасына дейін Қытайға арнайы контейнерлік пойыз іске қосылғанын атап өтті. Ағымдағы жылғы 28 қазанда Чуньцинь (ҚХР) қаласынан Қазақстан аумағы арқылы Литва бағытында контейнерлік пойыздың алғашқы құрамы іске қосылды. Контейнерлік пойыз 3 қарашада Қазақстанның мемлекеттік шекарасын (Достық стансасы) басып өтті, 7 қарашада - Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Эстония арасында «Балтика Транзит ІІ» контейнерлік пойызын іске қосу мәселесі зерттелуде. Болжамданатын тасымал көлемі жыл сайын 110 мың тонна немесе 8 мың контейнерлік пойыз. Жүк номенклатурасы - ХТТ, азық-түлік тауарлары.
Автомобиль тасымалы саласында тараптар халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруда, жыл сайын рұқсат беру бланктерімен алмасу жүргізіледі. 2011 жылға 4000 әмбебап рұқсат берулер және үшінші елдерден (елдерге) 700 рұқсат беру көлемінде бланктермен алмасу квотасы орнатылды.
Министр Б. Камалиев өткен кездесу екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда жаңа оң серпін беретініне сенім білдірді.