Министр МӘМС принципі туралы: сау адам науқасқа, бай адам кедей үшін төлейді
АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты мақсатын атады.

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шұғыл ем қажет болғанда және басқа да жағдайға қарастырылған көмек. Бұл дегеніміз медициналық сақтандыру қорында жинақталған барлық қаражат емделуге, профилактикалық шараларға, яғни 20 миллионнан астам азаматқа көрсетілетін медициналық қызметті көрсетуге бағытталады. МӘМС принципі – дені сау адам науқас үшін төлейді, бай адам кедей үшін төлейді. Бұл қордың бастапқыда көздеген, қазір жүйелі түрде іске асырып жатқан ұжымдық жауапкершілік принципі, - дейді Ақмарал Әлназарова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 14 шілдеде Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді.
Бұған дейін ведомство басшысы дәрігерлерге қол көтергендерге қандай жаза қарастырылғаны туралы айтып берді.