17:03, 28 Наурыз 2013 | GMT +5
Министр Мұхтар Құл-Мұхаммед Монако Князьдігінің Елшісі Эвелин Жентамен кездесті
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Монако князьдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эвелин Жентамен кездеcті. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың мәселесін талқылады.
Тараптар Монаконың князі Альбер II-нің Қазақстан Республикасына 2012 жылғы қараша айында жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа, оның ішінде мәдениет саласындағы қарым-қатынастарды дамытуға серпіліс бергенін атап өтті.
Кездесу барысында Астанада Монаконың Монте-Карло балетінің гастролін ұйымдастыру шаралары туралы сөз болды. Сондай-ақ, Э. Жента қазақстандық шығармашылық ұжымдардың Монакоға гастрольдерін ұйымдастыруын ұсынды.
Кездесу қорытындысы нәтижесінде тараптар мәдениет саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға уағдаласты.