Министр Pfizer-ді ақысыз салдыру туралы сұраққа жауап берді

Министр елімізге жеткізілген барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз болуын бақылайтын тиісті реттеуші бар екенін айтты.
«Бұл тұрғыда жеке адамның өз таңдау құқығы бар. Мәселен, тұмау бойынша вакцинаға тоқталсақ, біз нарықта қолжетімдісін сатып аламыз да, азаматтарға ақысыз түрде ұсынамыз. Ал кейбірі бөлек ерекше брендті сұратады», - деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар министрге тілшілер «Pfizer вакцинасы не үшін керек ?» деген сұрақ қойды.
«Негізгі уәж - адамдар шетелге сапарлағысы келеді. Егер Еуропаға баруға ақшаңыз болса, төлеңіз», - деді Алексей Цой.
Айта кетейік, Қазақстанда Pfizer препараты 12 жасқа толған балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ақысыз егіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, министр Pfizer вакцинасының бағасы жеткізу құнына байланысты болатынын айтты.