Министр шегірткемен күрес жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегіртке зиянкестерімен күрес белсенді түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

шегіртке
Фото: Видеодан кадр/ҚР АШМ баспасөз қызметі

Министрліктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір Айдарбек Сапаров Қостанай облысы Торғай аумағында жүр.

«Қазақстан Үкіметінің қолдауымен шегіртке зиянкестерімен күрес белсенді жалғасып жатыр. Бұл мәселе Премьер-Министрдің ерекше бақылауында. Біздің алдымызда шегіртке зиянкестерімен күресті тиімді ұйымдастыру міндеті тұр. Қажетті көлемде дәрі-дәрмек сатып алу және жұмысты бастау бойынша дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жоспарланған 2,5 миллион гектар залалсыздандыру алаңының 1,1 миллион гектардан астамы өңделді. Техника жеткілікті, өңірлер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Барлық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Бұған дейін Абай облысында да шегіртке 60 мың гектар алқапқа жайылып бара жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар