Министр тұрғын үй бағасына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі тұрғын үй бағасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Дәл қазір тұрғын үй бағасына қатысты болжам жасау қиынға соғады. Өткен жылы елімізде тұрғын үй бағасына зейнетақы қорындағы жинақты қолдану мүмкіндігі әсер етті. Сәйкесінше, сұраныс бірнеше есеге артты. Биыл да байқағанымыздай тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Біз алдағы уақытта баспана бағасы тұрақталады деп болжам отырмыз. Біздің есепке сәйкес елімізде жыл сайын шашамен 330 мың пәтер пайдалануға беріледі. Сол кезде баға да тұрақталады деген ойдамыз», - деді Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, тұрғын үй бағасы төл теңгенің нарықтағы жағдайына да байланысты.

«Теңге тұрақсызданса тұрғындар табысын жылжымайтын мүлікке салып жатады. Сондықтан дәл қазір нақты бір болжам айтуға ерте», - дейді ол.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі отандық автомобиль өнеркәсібінің әлеуетін сөз етті .


Соңғы жаңалықтар