Министр xалыққа ақпаратты ұсыну жағынан үздік меморгандарды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ашық ақпаратты жариялау жағы ақсап тұр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Министрлік өткізген мониторингке сәйкес, орталық мемлекеттік органдардың ішінде Энергетика министрлігі, әділет министрлігі, инвестициялар және даму министрлігі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (қазіргі кезде екі бөлек министрлік - авт.) ресми сайттарында толыққанды ақпарат бар. Ал жергілікті атқарушы органдардың ішінде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының порталдарында xалыққа қажетті ақпаратты жариялау жағы жақсы. "Ақпарат туралы" заң күшіне енгелі бері біршама өзгерістер байқалып отыр. Алайда, ашық ақпаратты ресми сайттарда жариялау жұмысы әлі де ақсап келеді", - деді Абаев бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде.

«Айта кетейік, мемлекеттік органдардың тиісті ақпаратты ресми сайттарда жариялау міндеті Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында да көрсетілген. Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдар ашық ресурстар арқылы өз жұмысын жеткілікті түрде көрсетпейді яғни, халыққа толыққанды ақпарат берілмейді. Мәселен, мемлекеттік органдардың ресми сайттарындағы бөлімдерді ақпаратпен толтыру бойынша нақты міндет бар. Алайда, ол міндетті орындау жағы кенжелеп тұр. Осы уақытқа дейін жіберілген ескертулерге қарамастан, ресми ақпаратты жаңарту жағы сын көтермейді», - дейді Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясындағы шараларды атқаруды бақылау жөніндегі арнайы топтың мүшесі Виктор Бусс.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар өз сайттарын ағылшын тілінде жүргізуге асықпайды. Соның салдарынан шетелдік сарапшылар олардың жұмысына баға бере алмауда.

«Мемлекеттік органдардың барлығында дерлік жемқорлыққа қарсы қосымшалар ағылшын тіліне аударылмаған. Бұны өзі олардың тиісті жұмысқа атүсті қарайтынын көрсетсе керек. Негізі, халықаралық сарапшылар ресми мәліметтермен бірге сайттардан қажетті ақпаратты алып отырады. Демек, қазір олар ондай ақпаратты ала алмай отыр. Содан мемлекеттік органдардың имиджі  төмендейді. Сондықтан осы саладағы жұмысты күшейту керек», -дейді Бусс.

 

Соңғы жаңалықтар