Министр жүк көліктері қазақ-қырғыз шекарасынан неге өте алмай тұрғанын түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қырғызстанмен арадағы шекарада жүк көліктерінің кептеліп тұрғанына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден Қырғызстанмен арадағы шекарада не себепті жүк көліктері өте алмай тұрғанын сұрады.

Ведомство басшысы министрлік коммерциялық жүкке қатысты ешқандай нұсқау бермегенін мәлімдеді.

«Ол жерде кеден жоқ, себебі ол ЕАЭО-ның ішкі шекарасы саналады. Менің білуімше, онда есірткіні тәркілеу операциясы ұйымдастырылған. Сондықтан қазір шекара қызметі мен ҰҚК тыңғылықты тексеру жасап жатқан болар», - деді Е. Жамаубав.

Бұдан бұрын Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінің алдында жүк көліктері кептеліп тұрғаны хабарланған еді.

Қырғызстан ҰҚК шекара қызметінің мәліметінше, 21 тамыздағы жағдай бойынша Қырғызстаннан мемлекеттік шекарадан өтуге кезекте 370-ке жуық автокөлік тұр.


Соңғы жаңалықтар