Министрлік чатына балалар көбінде ата-анамен ұрсып қалғанда, алғашқы махаббат мәселесімен шағымданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрлі жағдайларға тап болған оқушылар «Bala Qorgau» ақпарат тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады. Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік чатына балалар көбінде ата-анамен ұрсып қалғанда, алғашқы махаббат мәселесімен шағымданады

Веб-сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдын ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдай алады.

Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі.

Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.

«Биыл жыл басынан бастап сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген. Олар ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, бала махаббат, достарының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы туралы мәселелермен хабарласқан. Біз әр сұраққа уақытылы жауап береміз, ал өңірлердегі мектеп оқушыларынан келген сұрақ болса, облыстағы мамандар жауап беріп, байланыс жасайды»,- дейді бала құқықтарын қорғау комитетінің басқарма сарапшысы Эльмира Кадимова.

Веб-сайтта оқушылар ғана емес, ересектер де проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса алады.

«Bala Qorgau» оқушылардың, сондай-ақ олардың ата-анасының құқықтық сауатын арттыруға көмектеседі.

Веб-сайтқа мына сілтеме арқылы кіруге болады.