Министрлік коронавирустың таралуы бойынша жаңартылған болжамды жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша жаңартылған болжамды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда ол министрлік ай сайын коронавирусқа қатысты болжамды жаңартып отыратынын еске салды.

«Пессимистік сценарий кезінде бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін тіркелуі мүмкін. Шынайы сценарий кезінде тәулігіне 2 400-ге дейін анықталады. Ал оптимистік сценарий жағдайында өрбісе, онда бір тәулікте 1000-ға дейін адам індет жұқтыруы ықтимал», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.


Соңғы жаңалықтар
telegram