Министрлік өкілі студент жатақханаларында суицидтің жиілеуін БАҚ жұмысымен байланыстырды

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан студент жатақханаларында суицидтің жиілеуін БАҚ өкілдерінің жұмысымен байланыстырды.

общежитие
Фото: видеодан алынған скрин

- Байқасаңыздар, кейінгі уақытта суицид фактілерінің сценарийі біркелкі. Бәрінде құлап өлген. БАҚ өкілдері, «Вертер эффектісі» дейтін теорияны. оқыңыздаршы, өтініш. Меніңше, кейде біз студенттерге өзіміз «Осылай жасауға болады» деп көрсететін сияқтымыз. Сондықтан осы фактілер туралы жазғанда детальдерін көрсетпеу керек шығар. Осындай проблемаға тап болған отбасылар жеке деректерді жарияламауды сұрайды, - деді ол журналистің сұрағына берген жауабында.

Айтуынша, аталған мәселемен құқық қорғау органдары да айналысып жатыр.

- Бірақ кейінгі 3 фактінің сценарийі біркелкі – бәрі құлап өлген. Құдды бір, біз «Осылай жасауға болады» деп көрсетіп жатқандаймыз. Ғылым тілінде бұл «Вертер эффектісі» деп аталады, - деді Ақерке Абылайхан.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда биіктен құлаған студент қыздың өліміне себеп болуы мүмкін жағдайды атаған еді. 

Соңғы жаңалықтар