Министрлік табысын жариялаған блогерлерге қатысты мәлімет берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков табысын ашық көрсеткен блогерлерге қатысты түсінік берді. 

блогер
Фото: freepik.com

— Қазір шамамен 850 блогерге хабарлама жіберілді. Оның жартысынан сәл азы, яғни 360-қа жуық блогер өз еркімен 10,5 млрд теңге сомасындағы табысын растады. Төлем 256 млн теңге (салық) болды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Атап айтқанда, жалпы 850 блогер қамтылған еді, — деді Дәурен Темірбеков Парламент Мәжілісінде 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылаудан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, егер қалғандары салық төлемесе, онда заңнамаға сәйкес тиісті іс-шаралар, яғни мәжбүрлеп өндіріп алу іс-қимылдары жасалады.

Айта кетейік, бұған дейін 53,3 млрд теңгеге табысын жасырған блогерлер анықталғанын хабарлаған едік

Жауапты органдардың хабарламасынан кейін блогерлер миллиардтаған кірісін көрсете бастаған

Биыл сәуірде 338 блогер салық төледі

Соңғы жаңалықтар