Минск қаласында Асылбек Еңсеповтың концерті өтті

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Елшісі Анатолий Смирнов кеңестік кезеңнен кейінгі барлық елдер сияқты Қазақстан үшін де биылғы жыл мерейтойлық екендігін атап өтті.
«Биыл Елшілік көптеген шараларды өткізді, соның барысында әсіресе елдің облыс орталықтарына көп назар аударылды», - атап өтті А.Смирнов. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан үлкен табыстарға ие болды, көптеген реформалар жүргізіліп, бағдарламалар қабылданды, олардың басты мақсаты қазақстандық халықтың әл-ауқатын жақсарту еді. Біздің Ұлт Көшбасшымыз, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқының гүлденуі үшін көп істер атқарып жүр. Бір-ақ санды келтірсек жеткілікті - бүгінде жалпы ішкі өнім бір адамға шаққанда 9 мың АҚШ долларынан астам қаржыны құрайды».
Концертке қатысушылар қазақстандық эстрада жұлдызы Асылбек Еңсеповтің өнеріне ризашылықпен қол соқты.
Сәрсенбі, 30 қараша күні болып өткен мерекелік қабылдауға Беларустьте тіркеуден өткен дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, саяси, іскер топтар, ғылыми және шығармашылық орта өкілдері, сондай-ақ БР-ындағы отандық диаспора жұртшылығы қатысты.