Минск қаласында Бішкекте өтетін ТМД Үкімет басшылары отырысының күн тәртібі жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минск қаласында Достақтыққа қатысушы Тұрақты өкілетті уәкілдіктердің кезекті кеңесінде 7 маусым күні Бішкекте өтетін ТМД Үкімет басшыларының отырысының күнтәртібі жобасы жасақталды.
None
None

ТМД атқарушы комитетінінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оған Достастық елдерінің сауда, инновациялар, электроэнергетика, химия өнеркәсібі, геокеңістіктік ақпарат алмасу, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер енді.

Бірқатар құжат түрлі салаларда Достастыққа мүше мемлекеттердің негізгі ұйымдарын құруға арналған. Үкімет басшылары дәстүрлі түрде ТМД қаржы-шаруашылық қызметі мәселелерін қарастырады.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері ТМД Атқарушы комитетінің 2015 жылы қауіпсіздік саласындағы Достастық елдері ынтымақтастығы бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат талқыланды.

Соңғы жаңалықтар