13:16, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Минск кездесуі ҚР Президентінің халықаралық беделін көрсетті - Қ.Тоқаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Минск кездесуі Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделін көрсетті. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында осындай пікірін білдірді.

«Минск кездесуі Украинаның дағдарыстан шығуы жөнінде сындарлы ұсыныстар көтерген Н.Назарбаевтың халықаралық беделін көрсетті», - Сенат спикерінің парақшасында осындай пікір жазылды.