Минскіде өткен саммитте биржалар арасындағы әріптестік пен цифрлық шешімдер талқыланды
АСТАНА. KAZINFORM – Минскіде Халықаралық биржалар қауымдастығы (ХБҚ) мен Беларусь әмбебап тауар биржасының мерейтойларына арналған жиын өтті.

Салтанатты шара мен іскерлік жиынға қазақстандық тауар биржасы делегациясы да қатысты.
ХБҚ – ТМД, Орталық Азия және таяу шет елдердің жетекші тауар, валюта және қор биржаларын біріктіретін беделді өңірлік платформа.
Қауымдастықтың жыл сайынғы жиналысы биржалық нарықтардағы өзекті сын-қатерлер мен трендтерді талқылауға арналған алаңға айналды. Сессияға қатысушылар биржалардың қазіргі экономикалық жағдайларға қалай бейімделетінін, қандай шешімдер тауар нарықтарының тиімді, тұрақты және ашық жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін және бүгінгі таңда қор және валюта биржалық жүйелері қай бағытта жүретінін талқылады.
Қазақстандық «Каспий» биржасы іс-шараға қатысушыларға сауда-саттық көлемі, енгізілген IT-шешімдер және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі деректерді қоса алғанда, 2024 жылғы қызмет нәтижелері туралы есепті ұсынды. Презентация сауда рәсімдерін цифрландыру, мәмілелердің ашықтығы және әділ бәсекелестікті қолдау бойынша шешімдерге шолуды қамтыды.
Сапар аясында биржалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, Жоғарғы сот «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы жеңіп алған тендерді заңсыз деп таныды.