21:11, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Минскіде агроөнекәсіптік кешен саласындағы Қазақстан мен Беларусьтың ынтымақтастық бағыттары талқыланды
НСК.17 қараша. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Кеше Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Григорий Пинчук бастаған іскер топ өкілдері мен кәсіпорын басшылары ресми сапармен Минскіге келді.
ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің өкілдері хабарлағандай, сапар аясында ШҚО делегациясы Беларусь Республикасы ауыл шаруашылығы және азық-түлік министірінің бірінші орынбасары Надежда Котковецпен кездесті. Жүздесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қол жеткізуге болатын бағыттары мен тәжірибелік мәселелері, соның ішінде агроөнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесі талқыланды.
Беларусь агроқалашықтарының қалыптасуындағы құқықтық, институттық және тәжірибелік сипаттарды білу мақсатымен делегация мүшелері Беларустың ауыл шаруашылық саласымен таныс болып, бірқатар кәсіпорындарға барды.