Минскіде «ЕҚЫҰ-ның көкейкесті проблемалары. Қазақстан төрағалығының нұсқасы» кітабы жарық көрді

СТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде БМУ Халықаралық зерттеулер орталығының директоры, беларусь саясаттанушысы Владимир Улаховичтің жалпы редакциясымен «ЕҚЫҰ-ның көкейкесті проблемалары. Қазақстан төрағалығының нұсқасы» кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Беларус Республикасындағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Беларусь сарапшылар қоғамдастығының арасында зор қызығушылық туғызған шараға БР СІМ, талдаушы құрылымдар өкілдері, ғалымдар мен журналистер қатысты.

Бұл кітап Беларус, Қазақстан, Ресей, Польша, Германия, Украина және Эстония ғалымдарының ЕҚЫҰ проблемаларын зерделеу жөніндегі ынтымақтастығының белгілі бір қорытындысы іспетті және сарапшылар қоғамдастығының Қазақстанның осы Ұйымға ойдағыдай төрағалығын жүзеге асыруға өзіндік үлесі болды.

Таныстырылымда сөз алған Қазақстанның Беларустағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Смирнов БМУ Халықаралық зерттеулер орталығына кітапты бастырып шығарғаны үшін алғыс айтты. «ЕҚЫҰ төрағалығы жылында біз беларус әріптестеріміздің қолдауын ұдайы сезініп отырмыз», деді ол.

Ол сондай-ақ екінші жартыжылдықта «төрағалық бұдан да қауырт жұмыстарға толы болады, Қазақстан ойға алған жоспарлары мен мақсаттарын қатаң сақтауда», деп мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар