Минскіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

МИНСК. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат – Минскіде Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР-ның Беларус Республикасындағы елшілігіне сілтеме жасап.Шараға ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің елшілері, Минскіде тіркелген, Достастықтың жарғылық және басқа да органдары жанындағы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің тұрақты өкілдері, парламент депутаттары, ТМД Атқару комитетінің, мемлекеттік органдардың, Беларус Республикасының Президенті жанындағы басқару Академиясының, талдау құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ Беларус және Ресей ғалымдары қатысты.Конференцияны ашқан Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Смирнов Қазақстан басшысының жыл сайынғы Жолдауы жақсы дәстүрге айналды, деп атап өтті. Оның негізгі мақсаты - өткен жылды қорытындылау және алдағы дамудың келешегін белгілеу.Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресейлік мемлекеттік басқару академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану академиясының академигі Евгений Ищенконың «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауы тұрғысынан қазіргі заманғы экономикалық үдерістер» тақырыбына арналған мазмұнды баяндамасы қатысушылардың ерекше ықыласын тудырды. Өз кезегінде сөз сөйлеген ТМД Атқару комитетінің төрағасы ? атқару хатшысы Владимир Гаркун, Беларус Республикасының Президенті жанындағы басқару академиясының проректоры, ғылым докторы, профессор Игорь Ганчеренок, Беларус Республикасы Ұлттық жиналысының Палата өкілдігінің қауіпсіздік жөніндегі Тұрақты комиссиясының төрағасы, Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Виктор Гуминский, ТМД Атқару Комитетінің ТМД Парламентаралық Ассамблеясының және БР Ұлттық жиналысының өкілі Юрий Андреев, БР Президенті жанындағы басқару Академиясының психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымының кандидаты Наталья Дубинколар ҚР Президентінің Жолдауы туралы айта отырып, оның жаһандық қаржы дағдарысына қарсы қоюға бірден-бір лайықты құнды құжат екендігін атап көрсетті.Жалпы алғанда, конференцияға қатысушылар Қазақстанды жаһандық дағдарыспен бетпе-бет келген алғашқы елдердің бірі деп бағалады және Мемлекет басшысы жағдайды тұрақтандыру жөнінде өте тиімді шешім қабылдай білді, ал Қазақстанның тәжірибесі Достастық елдерінің қай-қайсысына да өте пайдалы болады деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар