Минскіде Қазақстан-2050» экономикалық саясаттың жаңа бағыты» және БЭК аясындағы қазақстан-беларус қатынастарының дамуы» атты халықаралық конференция өтті

Алқалы кеңеске Беларусьтің мемлекеттік шенеуніктері, депутаттары, ғалымдары, қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов өз сөзінде конференция қатысушыларын ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды. Ол ел дамуының барлық бағыттарын кешенді анықтайтын аталған бағдарламалық құжаттың жүзеге асырылуы Қазақстан үшін әлемнің ең дамыған отыз елі қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсатына жетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстандық дипломат Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамалары, әсіресе олардың ішінде ерекше орынға ие Еуразиялық одақ туралы еске салды.
Конференцияға қатысушылар, солардың ішінде Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Білім, мәдениет және ғылым жөніндегі Тұрақты комиссиясының төрағасы Геннадий Пальчик, Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Халықаралық істер және ТМД елдерімен байланыстар жөніндегі Тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Виталий Бусько, Беларусьтің Қазақстандағы бұрынғы елшісі Лариса Пакуш Қазақстанның нәтижелерін жоғары бағалады. Олардың пікірінше, Жолдауда өте қиын, бірақ қазақстандық халық «орындай алатын» міндеттер қойылған және ол Қазақстан Елбасының саяси даналығы мен стратегиялық ойларын тағы да бір рет растайды.
Конференцияда ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы жолдауының мәтіні мен кітапшалар таратылды, сондай-ақ, Елбасының ғаламдық бастамаларына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.