Минскіде Қазақстан мен Беларусь көшбасшыларының тәуелсіз мемлекет қалыптастырудағы рөліне арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскідегі Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында Беларусьтің мемлекеттік органдарының өкілдері, ғалымдар, профессорлық-оқытушы құрам мен Беларусь Республикасының алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының білімгерлері қатысқан «Халықтардың бірігуінің ортақ тарихы. Қазақстан мен Беларусь көшбасшыларының тәуелсіз мемлекет қалыптастырудағы рөлі» атты тақырыпта халықаралық ғылыми конференция өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов өзінің баяндамасында Кеңес Одағынан кейінгі қиын-қыстау кезеңде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөліне жан-жақты тоқталып өтті, ел дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясының, 2014 жылдың соңында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан Қазақстанның дағдарыс жағдайындағы «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі себептерін айтып өтті.

Қазақстан Республикасы көп векторлы сыртқы саясатының арқасында халықаралық қатынастар жүйесіне еніп, өзінің сыртқы саясатын қалыптастырып, айқын сыртқы саяси доктриналар мен тұжырымдамаларын жасағанын атап өтті.

Қазақстан Президентінің посткеңестік кеңістіктегі елдерді біріктірудегі, соның ішінде бірыңғай экономикалық және гуманитарлық кеңістікті қалыптастырудағы, Еуразиялық Экономикалық Кеңестің, сонымен бірге өңірлік қауіпсіздік жүйесін іске қосудағы жүйелі және шешімді қадамдарды еске алды.

Е. Бөлегенов конференцияға қатысушыларды 2015 жылы 26 сәуірге жоспарланған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуі туралы шешім қабылдау себептерін айтып, сайлау үдерісіндегі ағымдағы жағдайымен таныстырды.

Конференцияда, сонымен қатар, Беларусь ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, Беларусь ұлттық техникалық университетінің (БҰТУ) саясаттану кафедрасының меңгерушісі В. Бобков, Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің Әлеуметтік-құрылымдар институтының директоры Я. Яскевич, Экономика ғылымдарының докторы, БҰТУ профессоры С. Солодовников және басқалары сөз сөйледі. Олар тәуелсіз Қазақстанның аяғына нық тұруы мен дамуындағы және 1994 жылы ұсынған Еуразиялық Одақ құру бастамасының жүзеге асырылып, Еуразиялық Экономикалық Одаққа айналуында Президент Н. Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.

Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасының орталық алаңында, сонымен бірге Беларусь Ұлттық техникалық университетінде Қазақстан және Беларусь көшбасшыларының тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы және оны дамытудағы рөлдері туралы фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар