Минскіде КО және БЭК аясындағы интеграциялық үрдістердің негізгі бағыттары талқыланды

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - БЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Даниал Ахметов Минскіде Премьер-Министр Михаил Мясниковичпен және энергетика министрі Александр Озерцпен кездесті.
None
None

Кеше Минскіде БЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Даниал Ахметов Беларусь Республикасының энергетика министрі Александр Озерцпен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше-елдердің қалыпты-құқықтық базасын үндестіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ электр энергетикасы саласында табиғи монополиялардың қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде келісімдерді іске асыру барысы, газкөлік жүйесі бойынша газды тасымалдау мәселелері қаралды.

«2015 жылға қарай тараптар газ инфрақұрылымына қолжетімділіктің бірыңғай ережелерін әзірлеулері тиіс. Олардың қолданылуы үш мемлекет үшін бір деңгейде газкөлік жүйесіне бағытталған толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді», - деді Даниал Ахметов.

БЭК министір Александр Озерцке алдағы уақытта қазақстандық және ресейлік әріптестермен бірге энергетика саласында интеграциялық үрдістерді талқылау үшін БЭК алаңында жиналуға ұсыныс жасады.

Сол күні Даниал Ахметов Беларусь Республикасының Премьер-министрі Михаил Мясниковичпен кездесті. Кездесу барысында КО және БЭК аясында интеграциялық үрдістердің негізгі бағыттары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар