Минскіде қолына ара ұстаған ер азамат адамдарға тап берді

Порталдың хабарлауынша, ер азамат шабуылдаған қыздардың бірі дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында мерт болды. Екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Күдікті азамат ұсталды. Бұл 1988 жылы туған славян халықтарының өкілі. Ұлты - беларус»,-деді Беларусь мемлекеті Тергеу комитетінің өкілі Юлия Гончарова. Қылмыстық іс қозғалды.
Гончарованың айтуынша, алдында адамдарға шабуылдаған екі адам деген ақпарат жалған болып шықты. Ол сонымен қатар, БАҚ беттерінде жазылған шабуылдаушы өлген адамдардың бастарын кесіп алған деген ақпаратты да жоққа шығарды.
Риа Новости агенттігінің мәліметтерінше, ер азамат сауда үйіне шамамен жергілікті уақыт бойынша 17-20 минутта кірген. Оның қолында гитараның қалыбы болған. Сауда үйіне кірген соң сол қалыптан бензинмен от алатын араны шығарып, қызға тап берген. Бұдан соң ол қолына балта алып, екінші қызға дене жарақаттарын салған. Бірнеше минуттан соң қылмыскерді оқиға орнына жеткен милиция қызметкерлері тоқтатты.