Минскіде ҚР Елшісі Е.Бөлегенов Беларусь Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде Беларусь Президенті белорус экономикасының ашық және экспортқа бағдарланғандығын және республика үшін сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және кеңейту халықаралық қатынастардағы басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті. Александр Лукошенконың айтуынша, Беларусьтің геосаяси жағдайы мен тарихи-мәдени ерекшеліктері әлемнің түрлі аймақтарындағы көптеген серіктестермен үйлестірілген және сындарлы өзара әрекеттестікті көздейді, ол соңғы жылдары Қазақстанмен қалыптастырылған стратегиялық қарым-қатынастарды ерекше атап өтті.
Сенім грамоталарын қабылдаған Беларусь Президенті Қазақстан Елшісін жылы қабылдай отырып, оны тағайындалуымен құттықтады, қазақстандық-белорустық серіктестікті алға жылжытуда табыстар тіледі.
Рәсім аяқталған соң болып өткен қысқаша әңгімелесуден кейін белорус мемлекетінің басшысы Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы, еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық процестерін алға жылжытуда өзара іс-қимылға қызығушылық өзгеріссіз қала беретінін атап өтті. А.Лукашенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қалыптасқан достық қарым-қатынастарын атап өтіп, оған сәлемі мен Қазақстанның табысты экономикалық дамуына ізгі тілегін жеткізуді сұрады.