Минскіде Павлодар облысы және Беларусьтің жетекші кәсіпорындары арасында ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланды

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов бастаған делегацияның мүшелері БР-дағы ҚР елшісі Ерғали Бөлегеновтың қатысуымен энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрліктерінің, Минскідегі облыстық атқару комитетінің басшыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Павлодар облысы және Беларусь Республикасы арасында ауыл шаруашылығы, көлік құрастыру, білім және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланды.
Қазақстан және Беларусь президенттерінің нұсқауларына сәйкес өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру мақсатында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Тұрғанов пен Минскідегі облыстық атқару комитетінің төрағасы Борис Батур 2013-2014 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі шаралар жоспарына қол қойды.
Сапардың аясында 7 млн. теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы, көлік құрастыру, коммуналдық техниканы жинау саласында бас-аяғы 18 коммерциялық мақсаттағы бірлескен құжатқа қол қойылды.