Минскіде Сәкен Сейфуллинге арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Ақпанның 24-інде Қазақстанның Беларус Республикасындағы Елшілігі Минск қаласында Беларус достық және шетелдермен мәдени байланыстар қоғамымен және «Атамекен» халықаралық қоғамдық бірлестігімен бірге қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ халқының даңқты ұлы Сәкен Сейфуллинге арналған әдеби-музыкалық кеш өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Беларус Республикасындағы Елшілігіне сілтеме жасап. Шараға беларус жұртшылығы, шығармашылық зиялы қауым, қазақ диаспорасы өкілдері, Беларус жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, БАҚ өкілдері мен Елшілік дипломаттары қатысты. Қонақтар алдында құттықтау сөз сөйлеген Қазақстанның Беларус Республикасындағы Елшісі Фархат Әбдіхалықов С.Сейфуллиннің еліміз тарихындағы рөлі, оның өмірбаянының бұдан бұрын айтылмай келген тың деректері туралы әңгімеледі. Шара барысында «Беларус-Қазақстан» қоғамы төрағасының орынбасары, беларус ақыны Леонид Леванович С.Сейфуллиннің өмірбаяны және шығармашылық жолы туралы айтып берді. Кешке сонысмен қатар беларус мектептерінің оқушылары да қатысып, қазақ және орыс тілдерінде С.Сейфуллин шығармаларынан үзінділер оқыды. «Қарлығаш» шығармашылық ұжымы қазақ халық билері мен әуендерін нақышына келтіре орындады. Домбыра үні беларустық достардың да жанын тебірентті.
Соңғы жаңалықтар