Минскіде ТМД мемлекеттерінің қорғаныс министрлері 2014 жылға арналған Қарулы күштердің бірлескен шараларын келіседі

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат -5 маусым күні Минскіде ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
None
None

Бұл туралы ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының баспасөз хатшысы Михаил Севастьянов мәлімдеді.

Отырысқа қатысушылар барлығы 20-дан астам мәселені қарастырады. Күн тәртібіне шығарылған тақырыптардың арасында - қару-жарақтың техникалық жағдайын қадағалау бағытында ТМД мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастығы. Әскери ведомстволардың басшылары сондай-ақ, қарулы күштердің 2014 жылға арналған бірлескен шаралар тізімін келісіп, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің инженерлік әскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру, топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету салаларында өзара әрекет ету туралы келісімнің жобасын талқылайды.

Отырыста ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің қарамағындағы әуе қорғанысына қарсы мәселелер бойынша үйлестіру комитеті туралы ереженің жаңа нобайын және 2014 жылы ТМД Әуе қорғанысы күштерінің бірлескен жүйесін жетілдіру жұмыстарын қаржыландыруды саралап, «Жауынгерлік Достастық-2013» ТМД ӘҚК бірлескен жүйесі жауынгерлік атқыш әскерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізу туралы шешім қабылданады деп күтілуде.

Сонымен қатар ТМД ҚМК отырысына қатысушылар 2012 жыл ішінде Достастық елдері қарулы күштері авиациясының қауіпсіз ұшу жағдайына баға беретін болады.

Соңғы жаңалықтар