Минскіде ТМД үкіметтері басшыларының кездесуінде 6 халықаралық шартқа қол қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы 30 мамырда Минскіде өтеді, онда достастық елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және олардың инновациялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылы талқыланады, деп хабарлады РИА «Новости».
None
None

ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, олардың инновациялық саладағы ынтымақтастығы, мәдениет, денсаулық сақтау, білім, спорт салаларындағы өзара іс-қимылы мәселелеріне баса назар аударылады.

Отырыста алты халықаралық шарттарға қол қойылады, олардың ішінде ғылыми-техникалық ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, ТМД мемлекеттерінің қарулы күштерін навигациялық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық, көлік саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімдер бар. Минскідегі отырыста сондай-ақ 2020 жылға дейінгі инновациялық ынтымақтастық бағдарламаларын орындау барысы қаралатын болады.

«Бірлескен инновациялық жобаларды іріктеу жөнінде жұмыстар жүргізілді, бұл тақырып ТМД елдері экономикасының барлық саласын дерлік қозғайды, оның ішінде энергия тиімділігі, медицина, ақпараттық технологиялар бар», деп атап өтті аппарат қызметкері.

Күн тәртібіне спорттың ұлттық түрлерін дамыту және қолдау бағдарламаларын бекіту, жаңа радионавигациялық бағдарламаларды қабылдау, аусылдың таралуы мәселелері, төтенше жағдайларға үн қатысуды жетілдіру мәселелері, сондай-ақ бірқатар кадрлық тағайындаулар мен қаржы мәселелері енгізілген.

Соңғы жаңалықтар