Мириам Спитери Дебоно Мальта президенті қызметіне кірісті

Мальта президенті
Фото: maltatoday.com

АСТАНА. KAZINFORM — Мальтаның жаңадан сайланған президенті Мириам Спитери Дебоно бейсенбі күні парламент бірауыздан қабылдаған қарардан кейін Мальтаның 11-ші президенті ретінде ант берді, деп жазады Синхуа агенттігі.

Ол Республика Президентінің ресми резиденциясы орналасқан Валлеттадағы Ұлы магистр сарайында Парламенттің кезектен тыс отырысында ант қабылдады.

71 жастағы М.Спитери Дебоно ел тарихындағы президент лауазымын иеленген үшінші әйел, бұған дейін ол Өкілдер палатасын басқарған жалғыз әйел болған.

Ол соңғы бес жыл бойы осы лауазымды атқарған Джордж Велланың орнын басады.

Соңғы жаңалықтар