Мирта есімді ит Түркияда бір адамды құтқарған
«Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағында кинология қызметі бар. Мирта осы қызметтің құрамында 6 жыл жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзінің жасы алты жарымда.
Ол Түркияның Нұрдағы қаласында бір адамды құтқарды. Құтқарушылар үйіндіні біраз аршып, қуыс ашқаннан кейін итті жіберіп, иіс шалдырады. Сондай сәттердің бірінде Мирта тірі адамның жатқанын анықтап, бірінші белгі берген болатын. Біз адам жеткен жерді белгілеп, бөлімшенің командиріне баяндадық. Ол құтқарушылар тобын бөліп, адамды үйінді астынан алу тактикасын пысықтады. Осыдан кейін құтқарушылар адамды аршуға кірісті. Ал біз басқа учаскеге ауыстық», - дейді кинолог.
Ол Миртаны күшік кезінен бастап өзі баулығанын айтады.
«Маған оны достарым сыйлаған болатын. Үйде ит ұстауға жағдайым келмегендіктен, осы қызметке бердім. Содан бері «әріптесім» болып жүр. Бұл ит бізге келгеннен бері тек тірі адамдарды иісінен анықтауға машықтанған. Жалпы иттер 8 жыл 8 ай қызмет еткеннен кейін құрметті демалысқа жіберіледі. Яғни, итке қамқор бола алатын адам тауып, соған табыстаймыз. Күзет қызметіне, басқа жұмыстарға тартуға жолға берілмейді. Бұйырса, Мирта да 2 жылдан кейін демалысқа шығуы керек», - дейді Николай Попов.