Мирзиёев 1 облыс әкімін лауазымынан босатып, 16 аудан және қала әкіміне сөгіс жариялады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен бейнеселектор отырысында кейбір аудан әкімдерінің инвестиция мен экспорт өсіміне салғырт қарағаны айтылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ӨзА-ға сілтеме жасап.

Өткен жылы Бируни, Қараөзақ, Қоңырат, Пешку, Янгиабад, Қамаши, Ханқа, Шават аудандарына салынған инвестиция 15 миллион долларға жетпеген. Экспорт Ромитан, Дехқанабад, Миришкор, Чирақчи, Нарпай, Нұрабад және Гүлистан аудандарында, Охангарон қаласында төмендеді. Осы 16 аудан мен қала әкіміне сөгіс жарияланды.
Сырдария ауданының әкімі Акмалжон Махмудалиев өз өңіріне инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту және басқа да жұмыстарда көп кемшілікке жол бергені үшін қызметінен босатылды.
Енді инвестицияны бақылаудың жаңа жүйесі құрылғаны айтылды. Осы орайда Премьер-министр ай сайын биылғы 42 миллиард долларлық шетелдік инвестиция жоспарын бекітсе, облыс, қала, аудан әкімдері, сала басшылары аптасына екі күн инвестициямен айналысады.
Шенеуніктер аймақтарға шығып, кәсіпкерлермен кездесіп, олардың мәселелерін сол жерде шешуі керектігі айтылды.
Еске сала кетейік, Өзбекстан мен БАӘ стратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қойды.