Мысыр СІМ басшысы: Газа бойынша келіссөздер барысында айтарлықтай жетістікке қол жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Газа секторында атысты тоқтату бойынша Каирде өткен келіссөздер барысында айтарлықтай жетістікке қол жеткізілді. Мысыр Сыртқы істер министр Бадр Абдель өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен әңгіме барысында осылай деді, деп хабарлайды ТАСС.

Газа бойынша келіссөздер барысында айтарлықтай жетістікке қол жеткізілді
Фото: report.az

- Каирде Газа бойынша палестиналық делегация өкілдерінің қатысуымен өткен соңғы кеңес қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткіздік. ХАМАС АҚШ президентінің арнайы елшісі Стивен Уиткоффтың бастамасына негізделген ұсынысына келісті, ендігі сөзді Израиль айтады,- деді Мысыр сыртқы істер ведомствосының басшысы.

Оның бұл сөзін министрліктің баспасөз қызметі таратты.

Абдель Аты делдалдардың ұсынысына көндіру үшін әлемдік қауымдастық Израильге қысым көрсетеді деген үмітте.

Осыған дейін ХАМАС арағайындық жасаушы тарапқа палестиналық анклавта атысты тоқтату туралы ұсынысқа келісімін берген болатын.

Мысырдың "Аль-Кахира аль-Ихбария" телеарнасы дереккөздерінің хабарлауынша, қозғалыс 60 күндік атысты тоқтату шарасы аясында Газа секторында кепілдікте отырған адамдардың жартысын босатуға келіскен. Ол үшін Израиль тарапы да бірқатар палестиналық тұтқындарды босатуы керек.

Ұсыныста сонымен қатар анклавқа кедергісіз гуманитарлық көмек жіберу үшін Израиль әскерінің сектор шекарасына шегінуі қарастырылған.

Атысты тоқтату режимі енгізілгеннен кейін ХАМАС пен Израиль татуласып, барлық бағыт бойынша келісімге келуі керек.

Осыған дейін ХАМАС-тың Мысырмен Газа бойынша келісімді талқылағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар