17:01, 31 Шілде 2025 | GMT +5
Мысырда Джей Лоның концертінде жанкүйерлер адам кептелісін туғызды
АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Мысырдағы концерті үлкен қызығушылық тудырды. Концерт кезінде жанкүйерлер бір-бірін итеріп, кептеліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бастапқыда Мысырдағы концерт шілде айының басында өтуі керек болған, алайда әншінің гастрольдік кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты 30 шілдеге ауыстырылған көрінеді.
Дженнифер Лопес «Up All Night» атты әлемдік тур аясында 1 тамыз күні Астанадағы «Астана Арена» стадионында өнер көрсетеді.
Бұған дейін көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайтыны белгілі болды.