Мысырда I ғасырға жататын Рим әріптері табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ежелгі Рим әскери басшылары жазған хаттар жануарлар зиратынан табылды. Бұл оқиға тарихтың жаңа парағын ашпақ.

Мысырда 1 ғасырға жататын Рим әріптері табылды
Фото: Marta Osypińska

Smart-news жазғандай, Египеттегі ежелгі үй жануарлары зираты Рим тарихын зерттеуге арналған «алтын кенішке» айналғаны қашан. Ғалымдар тобы жануарлар зиратын 2011 жылы тапқан болатын. Жуырда археологтар мысық, ит және маймыл бейіттерінің жанынан 1900 жыл бұрын Рим жүзбасыларының (әскери жетекшілердің) қолымен жазылған хаттарды тапты.

Рим Египетті көптеген ғасыр бойы (шамамен 30-дан 600-ге дейін) басқарғаны белгілі. Сәйкесінше, бұл аймақта Рим ескерткіштері жиі кездеседі. Жыл сайын археологтар қазба жұмыстарын тиянақты жүргізіп келеді. Бұған дейін жануарлар жерленген жерден қыш ыдыстар, Рим монеталары табылған болатын.

Зерттеушілер Рим легиондарының бөлімшелерін басқарған әскери офицерлердің папирусқа жазған хаттарының табылуы кездейсоқ екенін алға тартып отыр. Олардың пайымдауынша, ежелгі римдіктер папирустарды зиратқа іргелес ғимаратта сақтауы мүмкін. Кейін нысан қирап, хаттар шашырап, зиратқа түскен болуы мүмкін.

Табылған хаттарда Рим жүзбасыларының бірнеше есімі аталады: Хаосус, Луциний және Петроний. Хаттардың бірінде Петроний түйемен жүретін римдік сарбаздар бөлімшесі арқылы ақша жіберіп жатқанын жазады. Сондай-ақ, Луцинийден сарбаздарға бұзау еті мен шатыр таяқтарын беруді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар