Мысырда суға батқан яхтада қазақстандық туристер жоқ – СІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше туристер мінген Sea Story яхтасы Қызыл теңіздегі Мысырдың Марса Алама қаласының жағалауындағы тур кезінде суға батып кетті. Яхта бортында 31 турист болған. 

яхта
Фото: freepik

«Біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.

Бұған дейін Мысырда туристер мінген Sea Story яхтасы суға батып кеткені туралы хабарлаған едік.

Ұзындығы 44 метрлік яхтаның бортында 31 турист пен 14 экипаж мүшесі танымал орындардың біріне көпкүндік тур жасау үшін ашық теңізге шыққан. 

Кейін Мысыр билігі суға батқан туристер яхтасынан 28 адамның құтқарылғанын, тағы 17 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар