Миссисипи штатында 2013 жылы ғана ресми түрде құлдыққа тыйым салынды

Бұл туралы РБК хабарлайды.
1995 жылы Миссисипи штатының сенаты мен өкілдер палатасы бірауыздан бұл құжатты қабылдағанына қарамастан, оның көшірмесі АҚШ-тың Федералдық тізімдемесіне жетпегендіктен, аталмыш құжаттың заңды күші болмаған. Заңнамадағы қателікті Миссисипи Университетінің профессоры Ранжану Батре байқаған. Стивен Спилбергтің «Линкольн» фильмін көріп, әсер алған ол өз штатының осы аталған түзетуді енгізген/енгізбегенін тексермекші болады.
Өзінің штатында ресми түрде құлдық рұқсат етілгенін анықтап, профессор тиісті органдарға хабарлайды. 2013 жылдың 7 ақпанында Федералдық тізімдеме директоры Чарльз Барт түзету ресми түрде ратификацияланды деп мәлімдеді.
АҚШ-та құл иеленушілік жүйесі 1865 жылы АҚШ Конституциясына 13-ші түзету енгізілгенге дейін болған. Түрлі деректер бойынша 1619-1865 жылдары Америкаға құлдыққа сату мақсатында Африкадан 10 млн.-нан астам адам әкелінген.