МКК төрағасы Д.Ерғожин Алматы мейрамханаларының «қара тізімін» жариялады

Д.Ерғожин салықты төлеу бойынша үздіктер деп, бюджетке 10 миллион теңгеден астам қаражат түсірген LT Grill, Vista Арман, Изюм, Керуен, Grand Sapphire, Royal Cafe, HAN, Ballroom, Hello, Holiday Inn Almaty, Vertalёt, Baritone, Villa dei Fiori, Peppoli Antinori, Line Brew, GUINNESS PUB, Belagio- ны атады.
2014 жылы бір миллион теңгеден аздау салық төлеп, «әлеуметтік жауапты» топтың қатарына Адмирал, Чешский двор, Гәкку, Hemigwey, Primavera, Tirol, Toni Gard Cafe, Metropol, Cashgar, Turandot, Del Toro, Версаль, МараКеш, Ару-Ана, Батыр, Grand Opera кірді.
«Жақын арада борышкер жеке тұлғалардың тізімін жариялаймын. «Әлеуметтік жауапты» азамат болғанша, мемлекет алдындағы қарызды өтеуге кеңес беремін», - деп жариялады Д.Ерғожин келесі постта. «Физикалық тұлғалардың салығы - жергілікті салық. Жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне түсіп, олар балалар үйінің, мектеп, аурухана, жол және т.б құрылысына бағытталады. Осылайша қоғам үшін жағдай жасалады. Салықты төлеуден жалтаратындар, қоғамның жағдайын жақсартуға кедергі келтіреді деуге болады», - деп еске салды Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы.